Макарон тіске жұмсақ, жұтуға оңай

Макарон тіске жұмсақ, жұтуға оңай

Макарон тіске жұмсақ, жұтуға оңай
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Аршалы ауданындағы былтыр күзде ғана іске қосылған макарон фабрикасы өз өнімдерін экспортқа шығара бастады. Қазір өндіріс ошағы Қырғызстанға айына 80 тонна өнім жөнелтеді. Ал алдағы уақытта тағы бірнеше алыс-жақын шет мемлекеттерге макарон жеткізбек. Жалпы фабрика күніне 200 тоннаға жуық ұнды өңдеп, одан 24 тонна өнім шығарады. Қазір мұнда макаронның 11 түрі өндіріледі. Өндіріс орнында 100 адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Айта кетейік, Астана қаласының азық-түлік белдеуі бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 11 млрд теңгенің 12 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта Өзбекстан, Ресей және басқа да шет елдерге макарон жіберу көзделуде. Сондай-ақ, фабриканың Алматы, Шымкент, Қарағанды және Астана қалаларында өкілдіктері бар.