Түркістан туралы ойлар

Құрметті «Түркістан» газеті!

Ұлтымыздың ұлағатты ұлы Қалтай Мұхамеджанов іргесін қалап, осыдан ширек ғасырдай уақыт бұрын дүниеге халықаралық «Түркістан» газеті келіп, алғашқы нөмірі қолымызға тигенде алақайлап шаттанған едік. Енді биыл Елбасының Жарлығымен Түркістан облысы құрылғанына жүрегіміз жарыла қуанып жүрміз. Сіздер мен біздерді туыстас, бауырлас ететін Түркістан атауы барша қазақ үшін киелі ұғым. Айтылар сөз, жеткізер пікір шексіз. Ең бастысы, жаңа облыс – текті төріміз Түркістанның гүлденуі, жаңаша түрленуі бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда өзіндік ұсыныстарым және кейбір қолайсыздықтарды жою жөніндегі ойларымды сіздерге арнайы жолдап отырмын.

Құлахмет Байжігітов,

биология ғылымдарының докторы

slide 3

Ақсақ Темір салғызған Қожа Ахмет Ясауи ғимаратына алты жүз жылдай уақыт өткен соң, қаланың жаңа дәуірі басталды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бой көтерді. Қазақ елінің тәуелсіздігіне ширек ғасырдан асқанда Президенттің жарлығымен Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді.

Келешекте Түркістан түркі тілдес халықтардың басын біріктіретін, қазақтың көне тарихын әлем жұртшылығына танытатын, туризмі дамыған үлкен рухани орталық боларына сенім мол. Таяу жылдарда бұл өңірде халықтың саны еселеп өседі. Арыстанбаб – Қожа Ахмет Ясауи ғимаратына жыл сайын сандаған мың адам келері де сөзсіз, бірақ Түркістан қаласының климаттық жағдайы бізді көп ойлануға итермелейді. Тез арада қандай түйткілдерді шешуге тиіспіз?

Түркістан қаласы мен Түркістан өңірі бүтіндей Арал-Сырдария экологиялық аймағына жатады. Қысқа уақыт ішінде Сырдария маңайы антропогендік шөлге айналды, орман-тоғай тек өзен жағасында ғана жиі көзге шалынады. Қызылқұмның ыстық ауасы кедергісіз Түркістанға жетеді, соңғы жылдары ауа температурасының орташа жылдық көрсеткіші 10С-қа көтерілген, ал жауын-шашынның жылдық мөлшері 28 мм-ге төмендеген.

Жылдың құрғақшылық кезеңі 225 күнге созылады. Наурыз айынан бастап қараша айының ортасына дейін жауын-шашынның мөлшерінен булану деңгейі басым, топырақтың жоғарғы қабаты түгел кеуіп кетеді. Жазда ауа температурасы 45-500С-қа дейін жетеді, аңызақ «керімсал», ал қыста «қарасуық» желі соғады, осының барлығы тек қана келушілерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да қолайсыздық тудырады. Жергілікті бағалы өсімдіктер мен жеміс ағаштары флорасы құрып кету алдында тұр. Осы жағдайға байланысты өсімдіктердің декоративті түрлерін аридті жағдайда интродукциялау, қалалар мен аймақтарды көгалдандыру тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экологиялық маңызға ие.

Осы мәселелерді шешу үшін Түркістан қаласында 1994 жылы аумағы 88 гектар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті құрамына кіретін жаңа Ботаникалық бақ құрылды. Ботаникалық бақта фитоинтродукциялық ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде маңызды экономикалық, экологиялық қорытындылар жасалынды.

Университеттің ботаникалық бағында Түркістан қаласын, Арал-Сырдария аймағын көгалдандыруға декоративті өсімдіктердің 25 түрі ұсынылды, питомникте жыл сайын 100-120 мың көшет дайындау, өндіріске енгізу жоспарланып отыр.

Сырдария өзенінің бойындағы орман-тоғайды қалпына келтіріп, Қызылқұмның ыстығына тосқауыл жасау, Түркістан қаласының солтүстік-шығысына жасыл орман отырғызу, Ясы өзенінің арнасын тазарту, салынған құрылысты алып тастау, ағаш отырғызу – Түркістан қаласының экологиялық климатын жақсартудың негізі болып табылады.

Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі Ясы өзенінің сол жағалауына салынған, горизонтальдық дренаж қызметін атқарған, бірақ бүгінгі күні бұл бұзылған, жүйе асты суы көтеріліп, кесенені тұз басуда. Түркістан қаласын, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көгалдандырудың кешенді жобасын жасап, оны университеттің арнайы мамандарының сараптамасынан өткізу – бүгінгі күннің талабы.

Түркістан өңірі табиғаты бай өлке, жер астында үлкен су көлі бар, артезиан скважиналарын қазып, оларды құбырлармен қосып, ауыз су, қаланы көгалдандыру түйткілдерін шешуге болады. 1993 жылы университет қалашығында тереңдігі 850 метр скважина қазылған еді, одан секундына 25 литр су шығады.

Қаратаудың Шаян елді мекені тұсында тас плиталардың кені бар. Оны Түркістан қаласының алаңдары мен көшелері, жиекжол, аяқжолдарының құрылысына пайдаланған экономикалық тұрғыдан аса тиімді, әрі сәнді, ұзақ жылдарға шыдамды. Қазіргі қолданылып жүрген материалдар тым қымбатқа түседі, әрі кетсе 4-5 жылда тозады.

Түркістан өңірінің ауа райы жағдайы, топырағы және басқа ерекшеліктеріне байланысты өңір бес экологиялық-экономикалық ауданға топтастырылады: Сырдария бойының жағасы, Сырдарияның ескі даласы, Қаратау сілемдері жазығы, Тау бөктерінің адырлы даласы, Қаратау.

Сырдария бойының жағасы. Оның топырақ құрамы көктемгі тасыған суға байланысты. Сырдарияның бір текше метр суында 5-10 кг құм-қиыршық тастар мен минералдар бар, ғасырлар бойы олар жерге шөгіп, аллювиалды топырақ қабатын құрады. Сондықтан өзен жағасы топырағының құрамында құм мен саз алмасып келеді. Топырақ қабатының (А+В) қалыңдығы 20-25 см, құрамында 1 пайызға жуық гумус бар, өсімдікке зиянды тұздар аз. Тораңғыл, жиде, сәмбі тал, жыңғыл, шеңгел өседі, ойпатты жерде қамыс, құрақ шығады. Сыр алқабында қауын-қарбыз, көкөністің түрлерін өсірген тиімді, жоғары өнім алуға болады. Топырақ пен ауа райы қолайлы болғандықтан механикалық құрамы жеңіл, құмшауыт жерлерге қызылша, сәбіз, пияз жақсы шығады. Жер асты суы жақын ызаға еккен қауынның құрамында 50% қант болады. Сыр бойында жел аз тұрады, қауынның жапырақтары аударылмайды, мұртшалары қурамайды. Қысқасы, Сыр алқабы қауын мен қарбыздан әрі сапалы, әрі жоғары өнім алатын экологиялық ауданға жатады. Диқандар бұл өңірде қауынның ерте пісетін, қысқа сақтайтын, қақ жасайтын, тағы басқа жүзден аса сортын өсірген. Осы жұмысты қайта қолға алып, Қазақстанның солтүстік аудандарын, өндіріс орталықтарын қанттылығы жоғары экологиялық таза қауын өнімдерімен қамтамасыз етуге болады.

Сырдарияның ескі даласы. Бұл ертеде жайқалған оазис болған, бұл өңірде Отырар қаласы, серіктес қалашықтар өсіп-өркендеген. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстан баба кесенесі осы жерде. Егіншілік жүйесі, бау-бақшасы жақсы дамыған, арада бірнеше ғасыр өтсе де сол кездегі суару жүйелерінің іздері кездеседі. Бірақ бүгінгі күні суару тәсілдерінің топырақ ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілмеуі, коллектор-кәріз жүйесінің нашарлығы салдарынан топырақтың үстіңгі қабатын тұз басып, жер егіншілікке пайдаланудан шығып, шөлге айналған. Жұрт Отырар қаласын тастап, Қаратауға қарай көшкен. Мәселен, Отырар қаласына жақын Отырарабад елді мекені сол кезде жердің ең шұрайлысы болса, қазір шөлге айналған, темір жол жанында үш-төрт отбасы ғана тұрады. Осындай себептерден жер асты суы көтеріліп, топырағы сорға айналған соң, Шойтөбенің тұрғындары да кезінде Күлтөбеге ауысқан сияқты (қазіргі Түркістан қаласы). Бүгінде бұл өңір шөл далаға айналған, қарабарқын, жыңғыл сияқты бұталар өседі, тұрғындар оларды тамырымен қазып, отынға пайдаланып жүр. Тек көктем айларында раң тәрізділер шығады. Топырағы тақыр тәріздес сұр топыраққа жатады, тұз басып сорға айналған, жоғары (А+В) қабатының қалыңдығы 20-25 см шамасы, одан әрі саздақ басталады. Жер асты суы жақын, тұзды, ішуге жарамсыз.

Бұл аудан өңірдің үлкен бөлігін алып жатыр, көктем мен күзгі мал жайылымына пайдаланылады. Келешекте ирригациялық-мелиорациялық күрделі жұмыстар жүргізілсе, егіншілік жүйесін қалпына келтіруге болады. Бұл, әрине, өте жауапты мемлекеттік мәселе. Ал бүгінгі күні туристерге жағдай жасау үшін Түркістан-Арыстанбаб жолының бойына артезиан суларын шығарып, көгалдандыру шараларын қолға алу керек.

Тау сілемдері жазығы. Бұрынғы Түркістан ауданының негізгі елді мекендері Тасанақ, Шорнақ, Қарашық, Қарнақ, Иқан, университет қалашығы осы жерге орналасқан. Топырағы сұр топыраққа жатады. Қарашірік қабатының қалыңдығы 25-30 см, шағыл тас 1,0-1,5 метр тереңдіктен басталады. Кей жерлерде топырақтың ішкі қабатында әк кездеседі, егінді суарғанда ылғалға еріп, қуыс пайда болады, ол үлкейіп шағыл тасқа қосылады. Халық оны оқпан дейді. Оқпанды бентонит саз балшығына көңді араластырып бітеуге болады. Қаладан 7 шақырымдай жерде Ораңғай жоталарында бентониттің кені бар. Топырақтың механикалық құрамы жер бедерінің геологиялық ерекшеліктеріне байланысты басым көпшілігінде ауыр саздаққа жатады. Түркістан өңірінің егіншілік жүйесі, университеттің Ботаника бағы осы топыраққа орналасқан. Өзен жағасының, қыратты жерлердің топырағы құмшауытты болады. Қарашық өзенінің екі жағасы жеңіл саздаққа жатады. Бұл өңірдің Сырға қараған төменгі жағында мақта, тау етегінде жеміс бауы, көк­өніс өсіріледі. Күздік бидай да егіледі, бірақ оның өнімі аз, сапасы өте төмен, протеин 8-10 пайыз, клейковина 20% шамасында, сапалы нан жабуға келмейді, тандыр ұстамайды.

Мақта, бидай егу экономикалық тұрғыдан тиімсіз, олардың өнімі 12-15 центнерден аспайды.

Келешекте бұл экологиялық ауданда жүзім, жеміс бауын көптеп өсіріп, жеміс шырынын шығаратын зауыт салу, өрік қағын жасау экономикалық жағынан тиімді болмақ.

Тау бөктерінің адырлы даласы. Жері кәдімгі сары топырақ, оның жоғары (А+В) қабатының қалыңдығы 30-40 см, құрамында 1-1,5 пайыз гумус бар, негізінен дала жусаны өседі. Тегіс жерлеріне күздік бидай, арпа еккен, олардың өнімі 10-12 ц/га, сапасы жоғары – 14-15% протеин, 28-30% клейковина болған, біраз жеріне қарағаш отырғызған. Қаратаудың бұл ауданы халықтың ертеден отырықты мекені, күз жайлауы, қыс қыстауы болған, Үшөзеннің әр саласында 20-30 отбасы отырған. 1930 жылдары олар колхоз болып тіршілік етті, мал өсірді, егін екті. Қоғашық елді мекені, Үкіша ата мазары осы топырақта жатыр, халыққа қажетті су диірмен жұмыс істеген, бастауыш мектебі болған.

1950-1960 жылдары колхоздарды біріктіру нәтижесінде таудағы кіші шаруашылықтар таратылды, халық Түркістан маңына қоныс аударды. Ал 1990-2000 жылдары мал саны күрт азайып, таудың шұрайлы жері бүгінде бос қалды.

Қаратау ауданы. Қаратаудың Түркістан тұсында Алатау секілді биік таулардағы орманды белдеу, орманды дала сияқты табиғат аймақтары кездеспейді, адырлы дала бірден тауға жалғасады. Үшөзен тұсында Қаратаудың төбесі аэродром тәріздес тегіс дала, жергілікті халық оны «Жон» деп атайды, көп жерлерінде бұлақтар бар. Жазда күннің ыстығы 20 градустан аспайды, түнде салқын, автомобиль жүретін тас жол бар.

55ae7977b50a6

Қаратаудың теріскей беткейіне орналасқан Созақпен, күнгейіндегі Түркістан малының өрісі мен базары ортақ, Күмісті асуы арқылы қатынасып, біте қайнасып жатқан тұтас бір ел. Түркістаннан таңертең шыққан аттылы жолаушы кешке түнеп, ертеңгісін түсте Созаққа барған.

Келешекте Түркістан – Қарнақ – Серт –Үкіашата – Үшөзен – Созақ жолын салып, электр жүйесін жүргізсе, экономикалық маңызы бар күрделі түйткілдер толық шешіледі. Қаратауға ел қоныстанып, мал басы тез өседі. Қожа Ахмет Ясауи-Үкіша ата –Жылағаната-Балықшы-Созақ-Бабата-Домалақ ана жаңа туризм маршруты ашылады. Қаратаудың табиғаты сұлу Жоны Түркістан мен Созақ халқының жазғы демалыс орнына айналады. Түркістан бұл жерден 60-70 шақырым ғана ал «Жон», қысқы демалыс орнына қолайлы, қар қалың жауады, шаңғы, тағы басқа спорт түрлерін ұйымдастыруға болады. Бұл мәселені Түркістан облысының басшылығы мықтап қолға алса, тамаша шешім болмақ. Түркістанда жоғары, арнайы орта оқу орындарының студенттері, жастар, қала халқының саны жыл сайын көбейіп келеді, ал бүгінгі күні олардың не жазда, не қыста демалатын орындары жоқ.

Түркістан мен Созақты ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі, мәдениеті мен туризмі өркендеген экономикалық бір аймақ жасау пайдалы. Қаратаудың теріскей мен күнгей беткейін ертеден-ақ тарихы бір халық мекендеген.

Экологиялық-экономикалық аудандардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми даму жоспарын жасап, бұл өңірде егін шаруашылығының барлық салаларын өркендетуге, жеміс пен жидек, қауын мен көкөністің сапасын жақсартып, экологиялық таза өнім өндіруге болады.

Бау-бақша өнімдерін өңдейтін кіші өндіріс орындарын салып, солтүстік аймақтарды жеміс шырыны және өрік қағымен қамтамасыз етуге болады.

Күмісті асуы арқылы Түркістан-Созақ жолы салынса, теріскейге баратын жол екі есе қысқарады, Түркістанның экономикасы көтеріледі, туризмі дамиды. Қаратаудың сұлу табиғаты жазғы, қысқы демалыс орындарына айналады, халықтың денсаулығы түзеледі.

Түркістан-Созақ-Қарағанды тас жолын салуды ойластыру керек, ондай жағдайда Түркістан облысының аудандары солтүстіктің өндіріс орындарына тікелей шығады, Созақ және іргелес аудандардың экономикасы тез жанданады.

Түркістан қаласы

Редакция таңдауы

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....
halima

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы...
img23

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке...
403e926fe23dbbfe87a2883089639d7f

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты...

Жаңалықтар

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын....

Қол ұстасып көш бастаған

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне  қадам басып отырмыз. Бұл жылдарда  елі­міз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  бас­шы­лығымен бұрын-соңды болмаған мол табыстарға жетті....

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді...

Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе...

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Әсен Жақсылықов Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Әсен Жақсылықов 1980 жылдың 3...

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9...

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Қаракөл ауылынан Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1988 жылғы әйел мен 1986 жылғы ер адам жоғалып...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 264 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz жазды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 446, Алматы қаласы - 717, Шымкент қаласы - 72,...

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен. ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ»...

9 сәуір: тарихи оқиғалар күнтізбесі

Осыдан 2 жыл бұрын, 2019 жылы 9 сәуірде Қазақстан тарихында маңызды оқиғалардың бірі орын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де республикалық телеарналар...

Карантин талабын бұзған әкімге айыппұл салынды

Қызылорда облысында мерекелік шараның бірінде карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды. Бүгінде өңірде бұл бағытта 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Оның құрамында полиция департаменті,...

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік бөлігінде күн...

Оппозиция сайты арандатушы пікірді неге жалаулатып тұр?

Қазіргі кезде электрон ақпарат құралдарын тіркетіп алып, «демократия» деген желеумен ел арасына іріткі салушылар көбейіп кеткен сияқты. Әсіресе шетелде тіркелген сайттарда екіұшты пікірлерді қалай...

Самарқанд облысында жайылымсыз қалған шопандар қалаға қойларын айдап кірді

Қайсы елде болса да, соңғы жылдарда тіршілігін малмен байланыстырған халыққа кедергі көбеюде. Себебі елді мекендердің маңайындағы жерлердің бәрін иелеп алғандар қарапайым халыққа мал жаятын...

Ертісбаев революцияға жол бермеу үшін биліктің не істеуі керек екенін айтты

Бұл жолғы шығарылым талай халықты сорға қалдырған, экономикаларды жұтатқан түрлі-түсті төңкерістерге арналды. Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев Yertysbayev Live YouTube-арнасындағы сұхбатында мәлім етті. Бұл...

Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды

Орал қаласында түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды. Оқиға 7 сәуір күні БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде болды. 1988 жылғы жазасын өтеуші...

Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде...

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы арасында меморандумға қол қойылды

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, тәжірибе алмасуды көздейтін меморандумға қол қойды. –  Түркі академиясы жыл сайын ғылым, мәдениет,...

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти

Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Дініміз жеңілдікті қалайды. Егер коронвируспен ауырып, жазылғаннан кейін денсаулығыңыз ораза ұстауға...

«Nur Otan» партиясы: қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан астам өтініш түсті

«Nur Otan» партиясында қазақстандықтардың қандай түйінді мәселелерін шешуге қол ұшын созып жатқаны туралы айтылды. Жыл басынан бері еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан...

Вакцина алған адам қалай тамақтануы керек

Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда вакцина алғаннан кейін иммунитет жылдам қалыптасады. Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена...

Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашан мектепке оралатынын айтты. «Пандемияға байланысты жағдай тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа кіргенде оқушылар мектепке оралады....

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі...

Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді. «Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу...

Зейнетақы қорынан жарты миллион теңгені қалай алуға болатыны хабарланды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жарты миллион теңгені қандай жағдайда алуға болатынын хабарлады. Бұл туралы Қордың Instagram-дағы парақшасында жазылған. Қорға зейнет жасына жеткен кезде жинақ қандай жағдайда бір рет төленеді...

5 адам қаза тапты: ата-әжесін немерелерімен атып өлтірген

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. ҚазАқпараттың Fox 13 телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, құқық...

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері қандай келісім жасағаны белгілі болды

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты...

Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды

Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды. Дәрігерлердің айтуынша,...

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мемлекет басшысының сынына жауап берді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер күтілген нәтиже әкелмей отыр деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы...

Биыл қанша білім гранты бөлінеді – министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант берілетінін мәлімдеді. «Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыс атқарылуда....

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды....

СҚО-да еліктер аштан өліп жатқан жоқ – инспекция

Солтүстік Қазақстан облысында еліктердің өлуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді. СҚО-да бірер күннен бері әлеуметтік...

Коронавирустың британдық штамы әдеттегіден 1,32 есе жұқпалы – жапон ғалымдары

Жапонияда коронавирустың британдық штаммының таралу коэффиценті бастапқы нұсқасына қарағанда 1,32 есе жоғары болып шықты. Жапония Инфекциялық аурулар бойынша ұлттық институтының мамандары осындай қорытынды жасады,...

Баспасөз хатшысы Президенттің неге «Спутник-V» вакцинасын салдырғаны туралы айтты

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Бұл туралы ҚР Президентінің...

Атырауда ауаның ластануы: «Теңізшевройлға» қатысты тексеру басталмақ

Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы...

Елорда тұрғындары газ қосу үшін пайызсыз несие ала алады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газбен қамтуға жәрдемдесу бойынша жоба іске...

Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылы су астында қалды

Екі өңірдің құтқарушылары Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.  Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары...

Елорданың бас санитары қала тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды. «Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни...

Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан...

Ажыраспақ болған әйелін бопсалаған оралдықтың басы бәлеге қалды

Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам...

Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды

Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті қызметкерлеріне 1992 жылы туған Ж. есімді азамат...

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша қанша адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынғанын жариялады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтанда 21350, Алматыда 48501, Шымкенте 12027, Ақмола...

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі адамның ДНҚ-сы қазіргі Чехия аумағында 45 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелге тиесілі екенін анықтады. Ол үшін Германиядағы Макс Планк...

437,2 мың көпбалалы отбасы 69 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңге жәрдемақы алды. 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2...

Ер адам алып қашқан қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған

Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың мәйіті табылды. Оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол...

Коронавирус: Тағы екі өңір «сары» аймаққа енді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен...

8 сәуір: ел есінде қалған елеулі оқиғалар

8 cәуір егемен ел тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? 1992 жылы Еуропалық Одақ комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды. 1999 жылы...

Жолға таласқан жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар балаға оқ тиді

Чикагода жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар сәбидің басына оқ тиді, деп хабарлайды ABC News.  Полиция дерегінше, екі жүргізушінің қақтығысы олардың біреуі екіншісінің...

COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы. Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай,...

Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген

Алматыда тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, бірнеше...

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды

Бразилияда 18 түрлі мутацияны біріктіретін коронавирустың жаңа қауіпті штаммы табылды, деп хабарлайды Globo порталы. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның жаңа түрі коронавирустың бұдан...

Алматы облысында көпбалалы ана 14-перзентін дүниеге әкелді

Алматы облысы Кербұлақ ауданында алтын құрсақты «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді. Отбасын осы қуанышымен аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады. Бұл отбасыға...

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына...

«Астана» футбол клубы испандық ойыншымен толықты

«Астана» футбол клубы Кадете деген атпен танымал, 26 жасар испандық ойыншы Энрике Лопез Фернандезпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі. Кадете – испандық...

Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді. «Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни, аллергиялық әсер болса,...

Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін

Әйелінің заңсыз әрекетке барғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған Талғар тұрғынына сыйақы беріле ме? Бұл туралы Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтып...

«Бұл кездейсоқтық емес»: Ердоғанмен кездесуде Еурокомиссия төрағасына орындық берілмеді (видео)

Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер кезінде орындық берілмеді, деп жазады The Washington Post. Ердоғанның фон дер Ляйенмен және...