Елбасы «Бурабай» халықаралық шаңғы базасында

Елбасы «Бурабай» халықаралық шаңғы базасында

Елбасы «Бурабай» халықаралық шаңғы базасында
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Көкшетау қаласына барған сапарында оқу-жаттығу жүргізуге, дайындық жасауға әрі жарыс өткізуге арналған жаңа спорттық нысанмен танысты. Республикалық шаңғы спорты базасы шаңғы стадионын, мылтықпен ату алаңын, жүзу бассейні мен жаттығу залы бар жабық спорт кешенін, трамплиннен секіруге арналған орынды, әкімшілік-тұрмыстық және басқа да мақсаттағы үй-жайларды қамтиды деп хабарлайды «Ақорда.кз» сайты. Бұл кешен Қазақстан туризмінің өркендеуіне де ықпал етпек. «Туристік Қазақстан» бағдарламасы және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын әрі қарай жетілдіру жоспарлары жөнінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин баяндама жасады. Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуетін арттырудың өзектілігін айтты. – Қазіргі уақытта қазақстандықтар Отанымыздың көрікті жерлерімен таныса алатындай демалыс орындарын салу басты міндет саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.