Әскери-ғылыми взвод құрылды

Әскери-ғылыми взвод құрылды

Әскери-ғылыми взвод құрылды
ашық дереккөзі
Қазақстан армиясында ер азаматтар әскери борышын бірінші рет әскери-ғылыми взвод құрамында өтей бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. 68665 әскери бөлімінде Қазақстандағы тұңғыш әскери-ғылыми сарбаздар жасақталған. Олар Әскери басқару органдарына арнап қолданбалы және фундаменталды зерттеулер саласында ғылыми зерттеу және сынақ жүргізу мақсатында құрылған. Ведомство аталған взводқа алынғандардың робототехника, ақпараттық технология және киберқауіпсіздік саласында біліктілігі мен жоғары білімі бар екендігін қоса айтты. Әскери-ғылыми взвод Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығы жанынан құрылды.