11 Шілде 2018, 17:31 482 0 Бизнес Арман Құдайберген

Мұнай өндірісінің көшін АҚШ бастауы мүмкін

2019 жылы әлемде ең көп мұнай өндіруші елдердер ішінен Құрама Штаттар бірінші орынға жайғасады. Мұндай болжамды АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат мәселелері бойынша федералдық басқармасы мәлімдеген.

Мамандардың айтуы бойынша, АҚШ-та келесі жылдың соңында мұнай өндіру көлемі күніне 12 миллион баррельге жетпек. Егер мұндай көрсеткіш тіркелсе, АҚШ өз кезегінде өндіріс көлемі бойынша Ресейді басып озады. Құрама Штаттарда өткен жылы да мұнай өндіру көлемі 5,6 пайызға артқан. Биыл бұл көрсеткіш мұнай өндіру тәсілінің қарқынды дамуына байланысты 15,4 пайызға ұлғаюы мүмкін. Дегенмен өндіріс көлемі артқан мен оған деген сұраныс қалыпты болуы мүмкін, – дейді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар