Үндістанда Samsung Electronics компаниясының зауыты ашылды

Үндістанда Samsung Electronics компаниясының зауыты ашылды

Үндістанда Samsung Electronics компаниясының зауыты ашылды
ашық дереккөзі
Үндістан мен Оңтүстік Корея денсаулық сақтау, телекоммуникация, киберқауіпсіздік пен эконмика салаларын дамыту мақсатында 11 келісімге қол қойды, деп хабарлайды Хабар 24. Екі мемлекет тауарайналым құнын 50 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның ірі Samsung Electronics компаниясы Үндістанның Уттар-Прадеш штатында смартфон шығаратын зауытын ашты. Енді электрондық алыптың 10 пайыз өнімі осы жерде шығарылады. Ал алдағы 3 жылда бұл көрсеткіш 50 пайызды көрсетуі тиіс. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Айта кету керек, осыған дейін «Үндістанда жасалған» атты үкімет науқаны аясында смартфон компонентін құраушы өнім импортына баж салығын салған болатын. Жергілікті билік Үндістанды электроника өнімі орталығына айналдырып, бірнеше миллион жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. «Samsung компаниясын шын жүректен құттықтаймын. Оңтүстік Кореяның электроника әлеміндегі алып мекемесінің зауыты Үндістанда ашылғанына қуаныштымын. Бұл жобаға бөлінген 276 миллион долларды құрайтын инвестиция тек Samsung-тың жағдайын жақсартып қана қоймай, Үндістан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасын нығайтады деп сенемін»,-деді Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі.