11 Шілде, 11:44 703 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

Аптап ыстықтан Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан

Аптап ыстықта Түркістан облысында 25 адам қарақұрт, тағы 5 адам жылан шағып ауруханаға түскен, деп хабарлайды Хабар 24.

«Дер кезінде көмек көрсетілгендіктен қайғылы жағдай тіркелген жоқ», – дейді дәрігерлер. Қазір олардың 10-ы аймақтық гипербарикалық оксигенизация орталығында емделіп жатыр. Мамандардың айтуынша, қатты ыстықта қарақұрт өте қауіпті келеді. Улы жәндік шаққан адамның 10-15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады. Аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Басы айналып, құсқысы келеді. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, ересек адам 7 күннен кейін, ал балалар 5 күнде өліп кетуі мүмкін. «Сондықтан табиғат аясына шыққанда, өте мұқият болу керек», – дейді дәрігерлер.

«Жас балалар болды. Қазір жансақтау бөлімінде бүгін таңғы сағат 5-те түскен бір науқасымыз бар. 6 жасар қыз бала. Жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жүкті әйелдер болған жоқ. Кішкентай балалар болды»,-деді Асылхан Мыңбосынов, облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі.

 

Соңғы жаңалықтар