10 Шілде 2018, 16:47 637 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Биылғы Азия ойындарына баратын боксшылар анықталды

Биылғы Азия ойындары Индонезияның Джакарта қаласында, 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.

Аталған спорт додасында  49 келіде - Теміртас Жүсіпов, 52 келіде - Азат Махметов, 56 келіде - Қайрат Ералиев, 60 келіде - Саматәлі Толтаев, 64 келіде - Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде - Асланбек Шымбергенов, ал 74 келіде Әбілхан Аманкұл ел намысын қорғайтын болады. Айта кеткен жөн, биылғы Азия ойындарына 81, 91 және 91 келіден жоғары боксшылар қатыспайды.

«Осы жолғы боксшылар құрамасын бапкерлер кеңесі бекітті. Спортшыларды іріктеу кезінде ҚР Президенті кубогы және басқа да турнирлердің нәтижесі ескерілді. Сондықтан Азия ойындарына ең мықты боксшылар барады. Өкінішке қарай, бірнеше салмақ дәрежесін қысқартты. Әйтпесе, дәл сол салмақтарда, кем дегенде екі медаль алатын едік. Дегенмен, осы боксшылармен біз 4-5 медальды, соның ішінде екі алтынды алып келуге тиіспіз», - дейді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

Соңғы жаңалықтар