Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

ашық дереккөзі

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

2020 жылы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ауыр атлетика федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Атқарушы комитетінің отырысы және IWF конгресінде осындай шешім қабылданған. Аталмыш шара аясында IWF вице-президенті, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы президенті Жанат Түсіпбеков пен Азия ауыр атлетика федерациясы президенті Мұхамед Юсеф Әл Ман арасында кездесу өтті. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді және ҚР ААФ 2020 жылы Қазақстанда Азия чемпионатын өткізу туралы ресми хатқа ие болды. Азия құрлығы үшін бұл 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары алдындағы маңызды іріктеу турнирі болатынын атап өткен жөн. «Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болуларыңызға байланысты, біздің шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар және осындай елеулі шараны сәтті ұйымдастыруда біздің қолдайтынымызды айтқымыз келеді», - делінген хатта.