Бұқтырма су қоймасында мөңке балық өліп жатыр

Бұқтырма су қоймасында мөңке балық өліп жатыр

Бұқтырма су қоймасында мөңке балық өліп жатыр
ашық дереккөзі
Бұқтырма су қоймасында мөңке балық (карась) өліп жатыр. Бірақ адамдарға әзірге ешқандай қауіп жоқ деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті орман шаруашылығы инспекциясына сілтеме жасап.  Демалушылар қырылып жатқан балықтарды жағалаудан тауып алып жатыр. Әсіресе Көкпекті және Күршім аудандарында көп көрінеді. Бірақ ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясы осы жағдайға қатысты пікір білдірді. «Балық болған соң, уылдырық шашқаннан кейін ауырады. Бір жағынан күннің ыстығы бар. Оған қоса Бұқтырмада мөңке балық күрт көбейіп кеткен еді. Осы себептерге байланысты кокцидиоз туындап отыр. Сол жерде комиссия жұмыс істеді. Балық өлекселерін жинап, зертханаға өткіземіз. Ары қарайғы істің барысын көреміз. Бәлкім, гидартталған әкпен жағалауларды «аластап», алдын алу шараларын жүргізетін шығармыз. Әзірге адам денсаулығына зиянды ештеңе жоқ, сондықтан суды карантинге жабудың да керегі жоқ», – деді балық шаруашылығының басшысы Талғат Рахымжанов.