Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін

Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін

Әрбір оныншы қазақстандық шетелге шыға алмауы мүмкін
ашық дереккөзі
Салықты уақтылы төлемегені үшін әрбір оныншы қазақстандық ел аумағынан шыға алмай қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Департаменттің хабарлауынша, елордада салық пен айыппұлды төлемей отырған 70 мыңға тарта азамат бар. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармасымен 1000-ға тарта салық төлемеушілерге қатысты тыйым салу шарасы қолданылып, бұл жағдай белгіленген уақытта ел аумағынан ұшып кету жағдайларын тоқтатуға әкеп соқтырды», - делінген хабарламада. Салық қызметі шетелге сапар алдында жайсыз жағдай болмас үшін азаматтар өзінің барлық қарызын қайта тексеріп, ҚР салық заңнамасының бұзылуына жол бермеуі керектігін ескертеді. Салықты уақтылы төлемейтіндер арнайы мәліметтер базасында тіркелген. Ол туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) көруге болады.