Екібастұзда 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда 6 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
ашық дереккөзі
Павлодар облысының Екібастұз қаласында 6 жасар бала екінші қабаттан құлап, қатты жарақат алды. Дереу ауруханаға жеткізілген балақайдың жағдайы ауыр. Сонымен қатар павлодарлық дәрігерлер қазір құздан құлап кеткен 9 жастағы баланың өмірі үшін де күресіп жатыр. Оқиға Баянауыл ауданында болды. Оқушы Жасыбай демалыс аймағына ата-анасымен бірге демалуға келген. Биік жартастан абайсызда құлап, басынан жарақат алған бүлдіршін санавиациямен шұғыл түрде облыс орталығына жеткізілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева хабарлады. Бас сүйегі қатты зақымданған бала есін әзірше жиған жоқ деген ақпар бар.