Ақтөбе облысында экологиялық таза пакет өндірісі іске қосылды 

Ақтөбе облысында экологиялық таза пакет өндірісі іске қосылды 

Ақтөбе облысында экологиялық таза пакет өндірісі іске қосылды 
ашық дереккөзі
Елорданың мерейтойын мерекелеу күні «Ақтөбе» индустриалды аймағында экологиялық маңызы бар өндіріс іске қосылды. «Поливест» ЖШС өндірісті бастады. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Айта кетейік, пакеттер арнайы қосымшалардың арқасында бір жылдың ішінде толықтай шіриді. "Біз 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, бірақ бұған дейін ғимараттың ішін жалдадық. Мемлекетке, облыс әкімдігіне, бір жыл бұрын бізге Индустриалды аймақтан 1 гектар жерді қажетті инфрақұрылымдарымен бірге бөлген «Ақтөбе» ӘКК-на үлкен рахмет. Мұнда біз 3 мың шаршы метр алаңы бар жеке өндіріс ғимаратын салдық. Енді алпыс адамды жұмыспен қамтып, өндірісті кеңейтіп жатырмыз", - деді ЖШС директоры Бауыржан Жүсіпов. Жобаға салған инвестицияның жалпы көлемі 500 млн теңгені құрады. Мұнда жылына түрлі мақсатқа арналған 1 200 тонна эко пакет шығарылатын болады. Б.Жүсіповтың айтуынша, өнім Қазақстанның барлық аумағында үлкен сұранысқа ие. Ірі тапсырыс берушілердің қатарында Ақтөбе, Астана, Алматы мен Қарағанды қалалары бар. Ақтөбе облысында Астананың мерейтойына орай барлығы отыздан аса әлеуметтік, өндірістік және сауда нысандары пайдалануға беріліп жатыр. Олардың құрылысына салынған инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ, Елорда күні облыстың барлық жерінде кең ауқымды мәдени бағдарлама өтуде. Соның ішінде сағат 21.00-де облыс орталығындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақ сахнасында «Астана - махаббатым менің» атты мюзикл көрсетілмек. Жалпы, 430 мыңдай адамды қамтыған 1200-ден аса қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар өткізу жоспарланып отыр.