Семейде мектептерді жөндеуге 907 млн теңге бөлінді

Семейде мектептерді жөндеуге 907 млн теңге бөлінді

Семейде мектептерді жөндеуге 907 млн теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Семейде биыл мектептерді жөндеуге бөлінетін қаражат былтырғыға қарағанда 2 есе өсіп отыр, деп хабарлайды Хабар 24. Мемлекет қазынасынан 907 миллион теңге бөлініп, оған қаладағы 67 білім ошағына орташа және күрделі жөндеу жүргізіледі. Әлеуметтік нысандардың шатырлары ауыстырылып, жылу жүйелері жаңаланады. Сынып бөлмелерін жабдықтауға да мән беріліп отыр. Жаңа оқу жылында семейлік оқушылар робототехника үйірмелеріне де жаппай тартылатын болады. Бұл мақсатқа 69 миллион теңге қарастырылған. «Мектептің сұрағанына байланысты, дайындалған сметалық құжаттарына байланысты, әркімнің өзінің сұранысы қалай жасалды, соған байланысты бөлінген қаражат деп айтуға болады. Ең негізгісі, электр жүйесі, жылу жүйесі, содан кейін пандустар салуға бөлініп отыр»,- дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнәр Оразбекова.