Ләззат Танысбай – «Нұр-Медианың» бас директоры

Ләззат Танысбай – «Нұр-Медианың» бас директоры

Ләззат Танысбай – «Нұр-Медианың» бас директоры
ашық дереккөзі
Ләззат Танысбай «Нұр-Медианың» бас директоры болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Нұр-Медиа» холдингінің ұжымына ұйымның жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды nurotan.kz. Холдингтің бас директоры болып белгілі тележурналист, кәсіби маман, үздік топ-менеджер Ләззат Танысбай тағайындалды. Қазіргі таңда Ләззат Танысбай отандық ақпарат айдынында өзіндік орны бар «Астана» телеарнасын табысты басқарып отыр. Енді ол «Нұр-Медиа» холдингінің басшылығын да қатар алып жүрмек. Осы қызметте оған табыс тілеген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары алдағы уақытта Л.Танысбайдың өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындайтынына сенім білдірді.