Трамптың Қытай тауарларына баж салығы жайлы жарлығы күшіне енді
Трамптың Қытай тауарларына баж салығы жайлы жарлығы күшіне енді
АҚШ-та шілденің 5-іне ауған түні Қытайдан әкелінетін бірқатар тауар түрлеріне енгізілген баж салығы күшіне енетіні туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеген.
Тұтас алғанда 34 миллиард доллардың 25 пайыздық баж салығы өнеркәсіп тауарларына – ауыл шаруашылығы соқаларынан бастап ұшақ құрастыруға пайдаланылатын электроника заттарына дейін салынбақ. Егер Қытай жауап ретінде өз шараларын енгізетін болса, екі аптадан кейін әлгі көрсеткіш 50 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Президент Трамптың сөзінше, бұл шаралар Пекиннің өз базарларын АҚШ тауарларына ашудан бас тартып америкалық жоғары технологиялық компанияларға қытайлық компаниялармен технологиясымен бөлісу туралы шарт қойғандықтан АҚШ компанияларын қорғау мақсатымен қабылданған.
Пекин Вашингтонның іс-әрекетіне дереу жауап беретіні туралы мәлімдеген. Қытай америкалық ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты шаралар қабылдамақ.