"Ұлы дала қырандары" республикалық турнирі басталды

"Ұлы дала қырандары" республикалық турнирі басталды

"Ұлы дала қырандары" республикалық турнирі басталды
ашық дереккөзі
4 шілде айында  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында, әскерге дейінгі жастар арасында, әскери қоян-қолтық ұрыс сайысынан Ауған соғысының қаһарманы  қара майор Керімбаев Борис Төкенұлының жүлдесі үшін «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» атты Республикалық турнир бастау алды.
  •  width=
  • Турнирдің ашылу салтанатына Керімбаев Борис Төкенұлы, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Бахытбек Смағұл, Кеңес Одағының Батыры Николай Иванович Кремениш, Қазақстан Республикасынының және облыстық Ауған соғысының ардагерлер төрағалыры қатысты.
Аталған іс-шара өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуге, отансүйгіштікке баулыуға, әскери қызметтің имиджін көтеруге және де әскери спортты дәріптеуге негізделген. Сайыс барысында Мәжіліс депутаты Бахытбек Смағұл ағамыз, - өткізіліп жатқан Республикалық турнир еліміздің барлық өңірлерінде Ауған соғысының ардагерлері жәнеде жергілікті әскери мекемелердің қолдауымен өткізіліп келеді. Бұған дейінде Ұлы отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлия Молдағұлова, Николай Иванович Кремениш атында Республикалық турнирлер өткіздік дей келе аталған сайыстың басты мақсаты, Ел Ордамыздың 20 жылдық қарсаңында батыр бабаларымыздың өмірлік ізбасарларын дайындау, жас буын азаматтарымызға өмірлік тәжірбиелерді үйретіп отансүйгіштікке, достыққа, туыстыққа еліміздің ұстанымына, бірлігіне, татулығына шақыру және де әскери қоян-қолтық ұрысын негізге ала отыра болашақ қайсарда жігерлі Отан қорғаушыларды дайындау болып табылады деді.  width= Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен «Намыс», «Профи ФАЙТ», «Қаракерей», «Патриот», «Жас Ұлан», «Барыс», «Ақтөбе», «Бауыр-Д» клубтары 50,55,60,65,70,65+ салмақтарында бақтарын сынап, 50 кг салмақта I орынды «Патриот» клубының Құдайберген А.Е., 55 келі салмақта «Патриот» клубының Есимханов М.Б., 60 келі салмақта «Барыс» клубының Ербатыр Р.Н., 65 келі салмақта «Барыс» клубының Салаватов Б.Е., 65+ келі салмағында «Патриот» клубының Омарбеков А.С., 70 келі салмақта «Жас ұлан» клубының Дөрменбаев Ә.Д. жеңіп алды. Сайыс соңында жеңімпаздарымыз кубоктар, медальдар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.