ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ - КЕРНЕЙ ШЫНКЕЕВ

ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ - КЕРНЕЙ ШЫНКЕЕВ

ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ - КЕРНЕЙ ШЫНКЕЕВ
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен VIIІ «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен додада мыңнан тұлпар шығып, іріктеудің сан түрінен өткен 37 балуан бақ сынады.  Жоспар бойынша бозкілем үстінде 35 балуан белдесу керек еді. Шымкент қаласына республика мәртебесі берілгеннен кейін, қала атынан қатысуға екі балуан қосылып жалпы саны 37 болды. Күтпеген жағдай осылай басталды. Тұңғыш «Қазақ­стан барысы», былтырғы додада күміс жүлдегер атанған Ұлан Рысқұл алғашқы айналымда жеребеге сәйкес іріктеусіз өтіп, екінші кезеңде Алматы қаласының балуаны Дәурен Нұралиновке есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Ал 1/8 финал екі «Қазақстан барысының» арасында өтті. 2014 жылғы жарыстың жеңімпазы Мұхит Тұрсынов пен былтырғы чемпион Еламан Ерғалиев белдесті. Өткен жылы жүлденің алдын бермеймін деп келген М.Тұрсыновты дәл осы Е.Ерғалиев жеңіп кеткен еді. Бұл жолы да сол оқиға қайталанды. «Біреудің істегенін басқалар да қайталай алады ғой» деп бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріп жүрген өткен жылғы барыс Еламан Ерғалиевті чемпиондық атағынан «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев айырды. Және Ерасыл осы жылдың салмағы ең ауыр (151 келі) «барысы» еді. Жартылай финалда белдесу салмағы ең ауыр Ерасыл мен салмағы ең жеңіл (90 келі) балуан түркістандық Ерсұлтан Мұзаппаров арасында өтті. Және ең қызықты кездесудің бірі осы болды. Арадағы 60 келі салмақ асауға тұсау салып тынды. Қанша жігер танытқанымен Ерасыл аз-кем ұпай айырмашылығымен ұтылды. Ақтық бәсеке «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев пен «Қазақстан барысы» турнирінің финалисі Ержан Шынкеев арасында өтті. Білекті балуандардың арасындағы финалдық белдесуде қарағандылық Ержан Шынкеевтің басымдығы бірден байқалды. Сөйтіп, Ержан Шынкеев сегізінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан барысы» турнирінің алтыншы жеңімпазы ретінде тарихта қалды. Ал жарысқа тұңғыш рет қатысқан «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев «Күміс белбеу» иегері атанды. Айбек қола жүлде үшін болған бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғап келген ең жеңіл балуан Е.Мұзаппаровты ұтып, бабында тұрған балуан екендігін дәлелдеді. Жылдағы дәстүр бойынша жеңімпаздарға алтын, күміс, қола белбеу және ақшалай сыйлықтар табысталды. Бапкерлеріне де. Алтын тайтұяқты осылайша қарағандылық Ержан Шынкеев иемденді.