Жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕЖІРЕСІ – ҚОҢЫР ДОМБЫРА

ашық дереккөзі

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕЖІРЕСІ – ҚОҢЫР ДОМБЫРА

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен Ұлттық домбыра күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Ұлы Дала шежіресі –домбыра» деген тақырыпта лекция-концерт  ұйымдастырды. Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен  домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен  зиялы қауым өкілдері қатысты. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов шараға келген барша қонақтарды «Ұлттық домбыра» күнімен құттықтап, ұлттық өнерді жалғастырып, қасиетті домбыраны серік еткен өнерпаздарға ыстық лебізін білдірді. Осы орайда, музейдің бас редакторы Ә.Манапов домбыра туралы баяндама оқып, домбыраның ерекшеліктері мен шығу тарихына тоқталды. Домбырашылар басқосуында Түркістан қалалық «Өнер» мектебінің жас өнерпаздары «Домбыраның шаттық үні», «Ерке сылқым» күйлері мен «Алыстан қызыл көрінсе», «Өлшеулі өмір», «Жақсы мен жаман» термелерін және «Өзім туралы» атты толғауды орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кентау қаласының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Композиторлар одағының мүшесі Әлімбек Қонысбеков «Қаратау шертпесі», «Салтанат» және «Өттің дәурен» күйлерін күмбірлетсе, Түркістан қалалық «Яссы» халықтық-фольклорлық ансамблі «Бозінген», «Ата толғауы», «Адай», «Бақтыбайдың әуені» күйлерімен көпшілікке ерекше әсер қалдырды.