Татарстан телекомпаниясы Астанада өкілдігін ашты

Татарстан телекомпаниясы Астанада өкілдігін ашты

Татарстан телекомпаниясы Астанада өкілдігін ашты
ашық дереккөзі
Татарстан президенті Рустам Минниханов Астанада «Татарстан - Новый Век» телерадиокомпаниясының өкілдігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тілшілер қосыны жұмысының негізгі мақсаты - «ТНВ» телекөрермендеріне Қазақстан Республикасында тұратын татарлардың өмірімен таныстырып, басқа ұлт өкілдерімен өзара әрекеттесу. «ТНВ» каналының арқасында Татарстандағы өмір туралы мағлұмат аласыздар. Бүгіннен бастап сіздердің арқаларыңызда Қазақстандағы отандастарымыздың қалай тұрып жатқандығын білетін боламыз», - деді Рустам Минниханов тілшілер қосынындағы қызметкерлерге. «Новый Век» ТРК» АҚ («ТНВ») бас директоры Ильшат Аминов Татарстаннан келген делегацияға Қазмедиа орталығында орналасқан ТНВ өкілдігінің кеңсесін аралап көрсетті. Сол жерде Аделия Тухбатова басшылық ететін ұжым таныстырылды. Астанадан ТНВ тілшілер қосынын ашуды Қазақстан татар және башқұрт конгрессі ұсынған. «Татарстан - Новый Век» телерадиокомпаниясы - Татарстан Республикасы мен Еділ облысындағы ірі медиахолдинг. Оның құрамына «ТНВ-Татарстан», «ТНВ-Планета» телеарналары және «Болгар радиосы» радиостанциясы кіреді.