ТЕРІСКЕЙГЕ КЕЛГЕН «КИЕЛІ ТҮРКІСТАН»

ТЕРІСКЕЙГЕ КЕЛГЕН «КИЕЛІ ТҮРКІСТАН»

ТЕРІСКЕЙГЕ КЕЛГЕН «КИЕЛІ ТҮРКІСТАН»
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде «Әзірет «Киелі Түркістан» көрмесі ашылды. Бұл Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына арналды. Көрменің мақсаты - киелі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан өңірінің арасында рухани, мәдени және музейаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған көрме экспозициясына қорық-музей қорынан 250-ден аса көз жауын алатын жəдігерлер қойылды. Шараға Солтүстік Қазақстан облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Ермек  Рахимов, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, М.Қозыбаев атындағы Мемлекеттік университетінің проректоры Ақмарал Ибраева, университеттің оқытушы профессорлары мен студенттері қатысты. Түркістаннан рухани керуенді бастап келген «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығына көрменің мақсаты мен міндеті жөнінде жеткізе келе, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген үш нысанның бірі – Қожа Ахмет Ясауи жөнінде мәлімдеп, тарихи күнмен құттықтады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ермек Рахимов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған  көрмеге ыстық лебізін білдіріп, арнайы алғыс хат пен сый-сияпатын табыс етті. «Киелі Түркістан»  көрмесі Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындары мен қонақтары үшін бір ай бойы қызмет көрсететін болады.

Бекзат-Саттархан

ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ