Жаңалықтар

Үкімет IT-идеялары үшін шетелдіктерге жұмыс пен баспана береді

ашық дереккөзі

Үкімет IT-идеялары үшін шетелдіктерге жұмыс пен баспана береді

3 шілдеде Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) инвестициялық форумда сөйлеген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев шетел мамандарына IT-идеясы үшін Қазақстан атынан жұмыс пен баспана уәде етті. Премьердің пікірінше, "аз уақыттың ішінде жергілікті мамандар дайындап шығу өте қиын". "Грант, жұмыс орны мен баспана береміз. Ең бастысы, олар біздің елімізге өз идеяларымен келіп, оны қазақстандық өнім ретінде жүзеге асыруы керек", - деді Сағынтаев. Үкімет басшысының айтуынша, "бүкіл әлем таланттар үшін таласып жатқанда, біз есігімізді жауып отырмауымыз керек". Қазақстан білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын колледждер мен жоғарғы оқу орындары шамамен 18 мың ақпарттық технология мамандарын дайындап шығады, бірақ ел экономикасын цифрлеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға ол жеткіліксіз болады.