Алматыда медиация орталығы ашылды

Алматыда медиация орталығы ашылды

Алматыда медиация орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Алматыда дауласқан тараптарды ымыраға шақыратын орталық ашылды, деп хабарлайды Хабар 24. Дау-дамайға толы істерді сотқа жеткізбей шешу азаматтық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді. Медиация, яғни мәмілеге келу арқылы тараптар уақыты мен қаржысын үнемдейді. Әрі адамдардың бір-біріне деген сенімін нығайтады. Орталықта тәжірибелі сот өкілдері, адвокаттар мен психологтар азаматтарға тегін кеңес береді. Ал олардың қызметі қалалық әкімдік есебінен қаржыландырылады. Қазір бітімгерлер көмегіне жүгінетіндер қатары артып келеді. Мысалы, осы жылдың жарты жылында бір ғана Медеу ауданындық сотына түскен 350-ге жуық арыз-шағымның тең жартысы ортақ келісімге келу арқылы шешілген. «Татуласу орталығының арқасында азаматтар өздерінің уақыттарын үнемдейді. Экономикалық жағынан пайдалы болады. Басқа шаруасын атқара береді. Сонымен дау-дамайдағы екі тарап ынтымақты түрде бітімгершілік арқылы өздерінің істерін шешіп алатын жағдай болады деп сенеміз»,-деді Нұрғазы Әбдіханов, қалалық сот төрағасы.