Шелектегі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шелек ауруханасындағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысының Шелек ауруханасының ауласында үш адамның өлімімен аяқталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Қайтыс болғандардың екеуі – сантехник, үшіншісі – 34 жастағы дәрігер-травматолог болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облысында нәжістен уланып қайтыс болған дәрігер травматолог болған «Қазір ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Марқұмдардың жерлеу рәсіміне әкімдік атсалысады және олардың жақындарына материалдық көмек көрсету жағы да қарастырылып жатыр»,  – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. Естеріңізге сала кетейік, Шелек ауруханасының ауласында 5 адам кәріз құдығына түсіп, оның үшеуі улы газ салдарынан қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған төрт адам көмекке ұмтылған еді. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды.

Back to top button