Өзбекстанда жалақы, зейнетақы және стипендия көтеріледі
Өзбекстанда жалақы, зейнетақы және стипендия көтеріледі
Өзбекстанда 15 маусымнан бастап жалақы, зейнетақы және стипендия орташа есеппен 1,07 есеге көтеріледі. Тиісті қаулыға 2 маусымда президент Шавкат Мирзияев қол қойды.
Атап айтқанда, 15 маусымнан соң, төменгі жалақы көлемі 184 300 сум (қазір – 172 240 сум) (шамамен 23 доллар) , зейнетақы – 360 460 сум (қазір – 336 880 сум), еңбекке жарамсыз азаматтардың жәрдемақысы – 221 190 сум (қазір – 206 720 сум) болады.
Соңғы мәрте жалақы, зейнетақы және стипендия 2017 жылы 1 желтоқсанда 1,15 есеге өскен.