3 Шілде 2018, 16:30 1645 0 Білім Назым Тойлыбаева

Астанада заманауи мектеп қалашығы пайда болады

Инфрақұрылымы дамыған заманауи мектеп қалашығы (Сингапур мектебі) жобасын жүзеге асыру бойынша тиісті меморандумға Астана қаласының инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, білім басқармасы және «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС қол қойды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Үшжақты келісімге қол қою Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Global Silk Road» Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы аясында жүзеге асты.

Жобаның жалпы құны 14,65 млрд теңгені құрап отыр. Мектеп 1200 орынға арналған, жүзеге асу мерзімі 24 ай. Инвестициялық жобаны жасаудың артықшылығы сингапурлық білім беру жүйесімен байланысты баға сегментінде бәсекелестік тудыру.

Соңғы жаңалықтар