Қырғызстан алтын қор көлемін көбейтпек

Қырғызстан алтын қор көлемін көбейтпек

Қырғызстан алтын қор көлемін көбейтпек
ашық дереккөзі
Bloomberg телеканалының веб-сайтында «Азияның ең шағын мемлекеті сауда соғысында алтынмен қорғанбақ» деген мақала жарық көрді. Шолуда Қырғызстан Ресей мен Қытай валюта нарығындағы тұрақсыздықтан қорғану үшін алтын қорын 16 пайыздан 50 пайызға дейін көбейтіп, 2 млрд долларға дейін жеткізбек делінген. Қырғызстан Ұлттық банк төрағасы Толкунбек Абдыгулов веб-сайтқа берген сұқбатында «Ойын тәртібі өзгерді. Біздің қорымызда қандай валюта болмасын - доллар, юань немесе рубль - бәрібір әлсіз, сол себептен біз алтын қорды көбейтуді жөн көрдік», - деп атап өтеді. Алтын жөнінде Дүнижүзілік кеңестің мәліметі бойынша, Қырғызстанның мұндай саясаты пайызбен шаққанда Ресейдің қымбат металл қорымен тең түсуі мүмкін. Сонымен бірге Түркия мен Үндістанды да қуып жетуі мүмкін. Толкунбек Абдыгуловтың сөзінше, Қырғызстан қазіргіден де артық алтын өндіре алады. 2017 жылы канадалық Centerra Gold компаниясы Қырғызстан алтын кенішінен өндірген алтын құны 3,4 млрд долларға жеткен. Ұлттық банк төрағасы жеті жыл ішінде, яғни 2024 жылға дейін алтын қорын бірнеше есеге көбейтпек.