Жаңалықтар

Діни бірлестік өкілдері Астана тойымен құттықтады

ашық дереккөзі

Діни бірлестік өкілдері Астана тойымен құттықтады

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен діни бірлестіктер өкілдері «Астана - бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараға еліміздегі діни бірлестіктердің жетекшілері, Ұлттық мұрағат пен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының өкілдері қатысты. «Биыл Астананың елорда мәртебесін алғанына 20 жыл толып отыр. Бұл мереке әлеуметтік-саяси маңызға ие және шын мәнінде Қазақстан халқы үшін жалпыхалықтық болып табылады. Астана – мемлекетіміздің ұлттық замануи брендіне айналды» дей келе комитет төрағасы елорданың жетістіктерін  баяндады. Ал «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов өз сөзінде «Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету тәжірибесі, сондай-ақ біздің еліміздің және оның Президентінің халықаралық беделі Астанада мәдениеттер мен әлемдік діндер диалогын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Астана - бейбітшілік пен келісімнің тоғысқан жері және бейбіт келіссөздер мен әлемдік діндер диалогы алаңы» екенін айтты.