Ұлттық домбыра күнінде 500 адам күй тартты

Ұлттық домбыра күнінде 500 адам күй тартты

Ұлттық домбыра күнінде 500 адам күй тартты
ашық дереккөзі
Семейде Ұлттық домбыра күнінде бір мезгілде 500 адам күй тартты, деп хабарлайды Алтайньюс. Семейде Ұлттық домбыра күніне орай қала әкімі Ермак Сәлімовтың қатысуымен ерекше шара өтті. Бір мезгілде  500 адам күй тартқан домбыра фестивалінде Құрманғазы мен Динаның, Тәттімбеттің күйлері орындалды. Сондай-ақ Ертіс жағалауында Абай атындағы кітапхана мен Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бірігіп «Киелі домбыра үні» атты көрме ұйымдастырды. Күйшілер арасында «Домбыра-party» сайысы ұйымдастырылды. Қаладағы Ә. Қашаубаев атындағы филармония, Абай театры мен Дариға-ай жастар театрының ұжымдары, М. Төлебаев атындағы музыкалық колледж студенттері бірігіп, күй шертті. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп ақындар жырлағандай бұл домбыраның үнінде еліміз аңсаған бостандық, қазіргі бейбіт тірлік, барлығы үндесіп жатыр. Мерекелеріңіз құтты болсын!», - қала әкімі. Бұдан кейін Ермак Сәлімов қаладағы №1 перзентханада болып, осынау мерейлі күні босанып, өмірге ұл әкелген Гүлжанат Нұртазинаға домбыраны сыйға тартты. Дәл осындай шара қаланың тағы бір перзентханасында болды. Қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев жаңадан дүние есігін ашқан шақалаққа домбыра тарту етті.