Қазақстан депутаттары демалысқа шықты

Қазақстан депутаттары демалысқа шықты

Қазақстан депутаттары демалысқа шықты
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Парламенті Палаталарының 2018 жылғы 29 маусымдағы бірлескен отырысында алтыншы сайланған ҚР Парламенті үшінші сессиясы жабылып, депутаттар демалысқа шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин үшінші сессияда қос палатаның төрт бірлескен отырысы, Мәжілістің 38, Сенаттың 28 жалпы отырысы өткенін, онда 400-ге жуық маңызды мәселе қаралғанын атап өтті. Екі палатаның қарауында болған 129 заң жобасының 84-і қабылданған. Қазіргі уақытта 65 заң жобасына мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енгізілді. «Еліміздегі басты қаржылық құжат республикалық бюджет туралы заңды қабылдау Паралмент өкілдерінің басты мақсаты. Осы заңға депутаттарымыз енгізген ұсыныстар арқасында бюджеттің әлеуметтік бағытын одан әрі күшейтуге, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілеріне тиісті қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде Елбасының тапсырмасы бойынша барлық әлеуметтік жоспарларды орындау және экономиканың нақты секторын қолдау өз шешімін тапты. Ең бастысы бюджеттік заң жобаларында мемлекеттің әр тиынын пайдалы және тиімді болуы негізгі мақсатқа айналды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексті қарау барысында Парламент депутаттары Президенттің салықтық әкімшілікті жеңілдету туралы тапсырмасын орындауға көңіл бөлді. Осы ретте барлық мәселелер адал салық төлеушілердің пайдасына шешілетін болады. Жаңа салық кодексіне салық төлеушілердің жағдайын жақсартуға және сыбайлас жемқорлықты төмендетуге қатысты көптеген жаңа нормалар енгізіліп жатыр», - деді ол. Оның айтуынша қазіргі уақытта Парламент қарауында 45 заң жобасы бар. Оның ішінде арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар туралы, мемлекеттік статистика, мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіп кешенін реттеу, кинематография туралы заң жобасы маңызды болып табылады. «Құрметті әріптестер, құрметті бірлескен отырысқа қатысушылар. Үшінші сессия отырысын қорытындылай отырып барлық депутатқа, Үкімет мүшелеріне, барлық әріптестерімізге бірлескен жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Депутаттар атынан біздің жұмысымызды кәсіби ұйымдастырғаны үшін екі палата апараттарының қызметкерлеріне де алғысымыз ерекше. Біздің жұмыстарымызды жоғары деңгейде насихаттап жүрген ақпарат өкілдеріне де алғысымызды айтамыз. Алдағы уақытта да зор денсаулық және еліміздің болашағы үшін жауапты жұмыста мол табыс тілейміз. Осымен алтыншы сайланған ҚР Паралментінің үшінші сессиясын жабық деп жариялаймын», - деп сөзін түйіндеді Нығматулин.