Жаңалықтар

Ұ.Қарабалин: Жанармай бағасын бұрынғы деңгейде ұстап тұру мүмкін емес еді

ашық дереккөзі

Ұ.Қарабалин: Жанармай бағасын бұрынғы деңгейде ұстап тұру мүмкін емес еді

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Астанада өткен брифинг барысында мұнай бағасы мен бензин бағасындағы өзгерістердің мәнін түсіндірді. – Логикаға салсақ, егер мұнайдың бағасы түссе, біз мұнай өнімдерінің бағасын да түсіруіміз керек. Негізінен бұл жердегі әңгіме бензин мен дизель отынына қатысты, олардың да бағасы төмендеуі керек деген ой туады. Бірақ бұл жердегі жағдай бөлек. Біз мұнай өнімдерінің өзімізге қажетті көлемінің үштен бір бөлігін Ресейден аламыз. Ресейде де біздің трейдерлер, олар Қазақстанға әкеліп сатады, олар пистолеттен емес, зауыттардан, жеке құрылымдардан келісімшарт бойынша сатып алады. Бағаны нарықтық жағдайға сәйкес сатушылар белгілейді", – деді министр. Ұзақбай Қарабалиннің сөзінше, жанармай бағасы көтерілмесе, нарық тығырыққа тірелер еді. – Ресейде сатып алу құны – 550 доллар. Сауданың доллармен жасалатынын ескерсек, Мұнай өнімдерін сатып алу, оны тасымалдау, салық төлеу, жанармай құю бекеттеріндегі қызметкерлерге еңбекақы беру – шығынның бәрін есептейтін болсақ, ол 108 теңгеден әлдеқайда көп. Егер біз сол бағаны ұстап тұрсақ, Ресейден Қазақстанның кез келген жеріне жанармай тасымалдау мүмкін емес еді. Бүгінгі таңда Қырғызстандағы баға – 160 теңге. Ал біздегі баға Ресейдегі бағамен теңесті. Бұл – дұрыс қабылданған шешім", – деді ол. Сондай-ақ, министр ішкі нарыққа қыркүйек айында шамамен 110 мың тонна әкелінетінін жеткізді.