Алматыда 5 адамы бар автомобиль шұңқырға түсіп кетті

Алматыда 5 адамы бар автомобиль шұңқырға түсіп кетті

Алматыда 5 адамы бар автомобиль шұңқырға түсіп кетті
ашық дереккөзі
Алматы орталығында Toyota Camrу жүргізушісі жолаушылар толы отырған көлікпен шұңқырға түсіп кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасында "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 28 маусымда Төле би мен Әйтиев көшелерінің қиылысында болған. Жеңіл көлік жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, белгісіз себептермен шұңқырға түсіп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам құрылыс қоршаулары мен жол белгілерін байқамай қалған. Жол апаты нәтижесінде жүргізуші пен 4 жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.