АҚШ Түркияның Ресеймен әскери әріптестіктен бас тартқанын қалайды

АҚШ Түркияның Ресеймен әскери әріптестіктен бас тартқанын қалайды

АҚШ Түркияның Ресеймен әскери әріптестіктен бас тартқанын қалайды
ашық дереккөзі
Анкара Ресейдің С-400 зенитті зымыран кешенін алудан бас тартпаса, АҚШ жаңа F-35 жойғыштарын Түркияға бермеуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уэсс Митчел Сенаттағы тыңдауда мәлімдеді. Бұл ретте ол Ресейдің әскери өнеркәсіп кешендерімен байланысы бар компанияларға санкция қарастыратын заң жобасына сүйенді. Құрама Штаттар мен Түркияның қарым-қатынасы соңғы уақыттары салқын тартты, оған АҚШ-тың Сирияға қатысты саясатына келіспеушілік пен түрік билігінің бірнеше америкалық азаматты, солардың ішінде пастор Эндрю Брансонды ұстауы себеп болды. Дегенмен Митчел Түркияны АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы науқанына қатысып жүрген НАТО-дағы "маңызды одақтасы" екенін атап өтті. Сейсенбі күні Дональд Трамп түрік басшысы Реджеп Ердоғаанның президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл уақытта Құрама Штаттар Үндістанға THAAD зенитті зымыран кешенін ұсынатыны белгілі болды, бірақ оны алу үшін Дели Ресейдің С-400 кешенін сатып алудан бас тартуы керек.