Әйелдер үшін ең қауіпті елдер анықталды

Әйелдер үшін ең қауіпті елдер анықталды

Әйелдер үшін ең қауіпті елдер анықталды
ашық дереккөзі
Әйелдерге ең қауіпті мемлекет – Үндістан, деп хабарлайды Хабар 24. Британдық «Томсон рейтер» қоры 550 сарапшының арасында жүргізген сауалнамаға сүйеніп, осындай қорытындыға келді. Себебі бұл Азия мемлекетінде күн сайын зорлау туралы жүздеген шағым тіркеледі екен. Одан кейінгі орындарда қарулы қақтығыстар тоқтамай тұрған Ауғанстан, Сирия, Сомали тұр. Бесінші орында соңғы жылдары нәзік жандарға салынған бірқатар тыйымды алып, реформалар жүргізе бастаған Сауд Арабиясы орныққан. Бұл елден соң Пәкістан, Конго, Йемен, Сирия, Нигерия және АҚШ көрсетіліпті. Мамандар Құрама Штаттардың тізімге енуіне «#MeToo» қозғалысының ықпалы болғанын айтады. Ал сауалнама денсаулық сақтау, экономикалық ресурстарға қолжетімділік, зорлық-зомбылық сияқты мәселелер бойынша жүргізіліп, бағаланған.