АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың мигранттарға қарсы жарлығын қолдады

АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың мигранттарға қарсы жарлығын қолдады

АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың мигранттарға қарсы жарлығын қолдады
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың бірқатар мұсылман елдерінің азаматтарына Америкаға кіруге тыйым салу жөніндегі иммиграциялық жарлығын қолдады. Тыйым Иран, Йемен, Ливия, Сирия және Сомали елдерінің азаматтарына қатысты. Жоғарғы соттың бас судьясы Джон Робертс билік елдің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты жеткілікті дәлелдер ұсынды деп атап өтті. Трамп Жоғарғы соттың шешіміне қатысты "бұл - америкалық халық және Конституция үшін үлкен жеңіс" деп пікір білдірді. Трамптың жарлығын Жоғарғы соттың тоғыз судьясының бесеуі қолдап, төртеуі қарсылық білдірген. Трамп бұл жарлыққа 2017 жылдың наурыз айында қол қойған. Жарлық көпшіліктің қарсылығын туғызған. Қыркүйек айында округтік соты құжатқа шектеу қойған. Бірақ Жоғарғы сот жарлықтың күшін қайта енгізді әрі нүкте қойды.