WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады

WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады

WhatsApp-та жаңа пайдалы функция пайда болады
ашық дереккөзі
WhatsApp мессенджерінде басқа пайдаланушылар жіберген фотосурет, бейнежазба және аудиофайлды жасыруға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болады, деп хабарлайды Вести.Hi-tech. Қосымшаның келесі нұсқасында құрылғы келген фотосуреттерді автоматты түрде жадына сақтау функциясын өшіруге болады. Жаңа енгізілген қосымша қазір Android v2.18.195 бета нұсқасында жұмыс істейді. Қолданушы топтардан келген хабарламаны бақылауда ұстай алады. Қызметті орнату тетігі арқылы өзіне керек топтардың ғана жібергенін галереясына сақтауға мүмкіндік бар. Жаңа нұсқа смартфонның жады көлемін үнемдеуге көмектеседі және ол пайдаланушы жеке мазмұнды контент жіберіп, қабылдайтын болса пайдалы. Мысалы, біреуден жеке, көруге болмайтын сурет келіп, ол телефон жадында сақталып қалса, смартфонды қолына алған басқа адам сол суреттерге қол жеткізуі мүмкін. WhatsApp-тың (2.18.189) бета бөлігі Facebook мессенджері секілді хабарламаға реакция ретінде жапсырмалар қалдыру мүмкіндігін алады. Пернетақтада жапсырмалар анимациялық GIF кескінін жіберу үшін қолданатын тетіктің жанында оналасқан. Бұл функциялардың қашан көпшілікке таралатыны жайлы ақпарат жоқ.