Қазақстанда киберспорт ресми түрде танылды

Қазақстанда киберспорт ресми түрде танылды

Қазақстанда киберспорт ресми түрде танылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда киберспорт спорттың бір түрі ретінде ресми танылды деп хабарлайды спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитет. "Мәдениет және спорт министрлігі біздің федерацияның ресми өтінішін қарап, 25 маусымда киберспортты ресми таныды. Киберспортты сүйетіндерді құттықтаймын", - деп жазады Qazaq Cybersport Federation директоры Қуанышбек Есекеев Facebook парақшасында. Оның сөзінше, былтыр киберспорттың фанаттары Qazaq Cybersport Federation бірлестігін құру жөнінде спорт комитетінен қолдау көрген. "Бүгінгі күні киберспортты дамытуға арналған тұтас бағдарлама әзірленді. Енді ресми танылғаннан кейін, елдің атынан халықаралық жарыстарға қатыса аламыз. Федерацияның интернет-ресурсы - www.qcf.kz", - дейді Қуанышбек Есекеев. Қазіргі таңда халықаралық олимпиада комитеті киберспортты олимпиада спорт түріне енгізу мәселесін талқылап жатыр.