Министр жолаушы пойызы апатының себебін "жол жағдайынан" көреді

Министр жолаушы пойызы апатының себебін "жол жағдайынан" көреді

Министр жолаушы пойызы апатының себебін "жол жағдайынан" көреді
ашық дереккөзі
Қазақстан инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада үкімет отырысынан соң журналистерге Жамбыл облысында болған пойыз апатына "жолдың жай-күйі" себеп болған деп болжанып отырғанын айтты. "Негізгі нұсқа - жол жағдайы. Көктемде жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеруге, ол жолдардың күтіміне қатысты сұрақтар бар" деді Жеңіс Қасымбек журналистерге. 17 маусым күні сағат 13:25-те Жамбыл теміржол бөлімінің Сарышаған - Шу бөлігінде Астанадан Алматыға келе жатқан №9 жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен. 20 вагон рельстен шығып кетіп, екеуі жанына аударылған. Төтенше оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, 23 жолаушы жараланған. Қазір арнайы комиссия апат себептерін тексеріп жатыр.