Журналистер марапатталды

Журналистер марапатталды

Журналистер марапатталды
ашық дереккөзі
Ұлттық кітапханада Қазақстанның Түркиядағы елшілігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «АСТАНАНЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ РӨЛІ» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында түрік тіліне аударылған алғашқы қазақ романдарының, атап айтқанда Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелік», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Спандияр Көбейұлының «Қалың мал» және Мыржақып Дұлатұлының «Бақытсыз жамал» романдарының және жазушы Несіпбек Дәутайұлының түрік тіліндегі «Жол» атты әңгімелер және повестер жинағының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ биыл мерейтойларын атап өткелі отырған Ахметжан Ашири, Рафаэль Ниязбек, Тұңғышбай Жаманқұловқа Түркия Республикасының Президенті Бас кеңесшісі Ялчын Топчудың құттықтау хаты салтанатты түрде тапсырылады. Бұдан бөлек, кәсіби мерекеге орай екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды насихаттап жүрген журналистерді марапаттау рәсімі болды.