Жаңалықтар

Алматылық түлек ҰБТ-дан 140 балл алды

Алматылық түлек ҰБТ-дан 140 балл алды

Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-дан 140 балл алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәліметті Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растады. «Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы – Алматы қаласы 123 мектеп-гимназиясының түлегі. Ол көп күткен ең жоғары 140 балл алды», – деді Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, Шиара Құдайбергенова 25 маусымда тест тапсырған. «Шиараны тамаша нәтижесімен құттықтаймын. Жарайсың. Кез келген ісінде жақсы маман болсын деп тілеймін. Оның мұғалімдері мен ата-анасына алғыс айтамын», – деді вице-министр.