Роналду пенальтиден гол сала алмай, тарихқа кірді

Роналду пенальтиден гол сала алмай, тарихқа кірді

Роналду пенальтиден гол сала алмай, тарихқа кірді
ашық дереккөзі
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында пенальтиден гол сала алмай, тарихқа кірді, деп хабарлайды Vesti.kz. Иран құрамасымен ойын топтық кезеңіндегі шешуші болды. Ойынның 53-минутында рефери видеоны көріп шыққан соң, пенальти бекітті. Алайда Роналдудың 11 метрден тепкен добын қақпашы ұстап үлгерді. Осылайша Роналду 11 метрден гол сала алмаған Португалия құрамасының 1966 жылдан бергі алғашқы ойыншысы болып отыр. Opta басылымының мәліметінше, бұл статистикаға мачтан кейінгі пенальтилер есепке алынбаған. Иран мен Португалия құрамаларының кездесуі 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 45-минутында Рикарду Куарежма гол салды, ал ирандықтар 90-минутта пенальти теуіп, Карим Ансарифард гол салды.