Семей станциясынан Алакөлге әлеуметтік теміржол бағдары ашылды

Семей станциясынан Алакөлге әлеуметтік теміржол бағдары ашылды

Семей станциясынан Алакөлге әлеуметтік теміржол бағдары ашылды
ашық дереккөзі
Семей станциясынан Жалаңашкөл станциясына дейін Алакөл жағалауына жеткізетін қаларалық пойыз кестесі іске қосылып, жаңа қаларалық пойыз жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Пойыз Семей станциясынан 17 сағат 45 минутта шығып, Жалаңашкөлде 8 сағат 27 минутта болады. Жолда 14 сағат 42 минут жүреді. Кері қарай Жалаңашкөлден Семейге қарай жолаушылар жұп күндері шыға алады. «Пойыз жолаушыларды Жалаңашкөл станциясына дейін жеткізеді. Олар әрі қарай автокөлікпен барады. Үлкен кісілерге билет құны 2862 теңге тұрады. Қазірдің өзінде 100 отыратын орынға билет сатылды»,-дейді «Қала маңы тасымалы» АҚ сарапшысы Серік Дөңбаев. Қазіргі таңда «Қала маңы тасымалы» АҚ Республикамыздағы 67 бағдарға қызмет көрсетеді. Енді Шығыс Қазақстанға жаңа бағдар ашылды. Теміржолда 26 жылдан бері еңбек ететін жолсерік Зәмзәгүл Маманова пойызда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалғандығын айтады. Жолаушылар жолсеріктердің қызметіне және соңғы станцияға жайла вагонмен жететіндігіне ризашылықтарын білдіріп жатыр. Бұрын Алакөлге демалуға барушылар автокөлікпен ғана шығатын. Олар автобуста көп жол азабын шегетін. Сондықтан Өскемендіктер көбіне Бұқтырма су қоймасының Көгілдір жайылмасына демалуға баратын. Қазір Алакөлдің шипажайына баратындар саны көбейді. Енді жолаушылардың сұранысына орай, отбасымен демалушыларға жақсы жағдай жасалуда. Атап өтерлігі, биылғы 21 маусымда Өскемен-1 станциясынан алғашқы пойыз сапарға шығып, Алакөл жағалауына жолаушыларды жеткізді.