ҚР балалар онкогематологиялық қызметіне – 25 жыл
ҚР балалар онкогематологиялық қызметіне – 25 жыл
Дәрігерлер балалар онкогематологиялық қызметінің дамуы мен келешегін талқылады. Осыдан 25 жыл бұрын 10 мамыр күні сол кездері орталық басшысы болған белгілі академик Камал Саруарұлы Ормантаев пен профессор Күлән Омарқызы Омарованың басшылығымен, «КЭР-Германия» қайырымдылық ұйымымен ынтымақтастық аясында «Бөбек» балалар қорының төрайымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы базасында тұңғыш рет 60 төсек-орынға арналған балалар онкологиясы бөлімшесі ашылған еді.
Айтулы дата аясында Алматыда 21-22 маусым күндері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Педиатрлар Одағы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Алматыда онкогематологиялық қызметтің 25 жылдығына орай «Балалар онкогематологиялық қызметінің дамуына 25 жыл: жетістіктері мен келешегі» деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.