«Астана» жаңа ойыншысын жалға бермек

«Астана» жаңа ойыншысын жалға бермек

«Астана» жаңа ойыншысын жалға бермек
ашық дереккөзі
«Астананың» жаңа ойыншысы Марат Быстров «Тобылға» жалға берілмек, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 26 жастағы қапталдағы қорғаушы осы аптада елордалық клубпен 2,5 жылға келісімшарт жасаған еді. Быстров ел чемпионатында әзірге ойнай алмайды, себебі қорғаушыны маусымның соңына дейін «Тобылға» жалға береді. Быстров - Қостанай облысының тумасы. Бұл «Тобыл» басшылығын қызықтырған (ойын сапасын қоспағанда) басты факторлардың бірі болды. «Астана» ресейлік «Тамбовтың» бұрынғы қорғаушысының трансфері туралы осыған байланысты ресми жарияламағаны да сондықтан болса керек. Быстров - қостанайлықтарға жалға берілген Қазақстан чемпионының жалғыз ойыншысы емес. Голкипер Дмитрий Непогодов та елордалық командаға тиесілі.