Жексенбі, 25 Қыркүйек, 2022

Құс тұмауы: Ресейдің 36 құс фабрикасының өнімін әкелуге тыйым салынды

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланысты Ресейдің бірқатар құс фабрикаларының өнімдерін елге әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық эпизоотикалық бюро Ресей аумағында  Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогендік құс тұмауын тіркеді.

«Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 21 маусымнан бастап тірі құсты және инкубациялық жұмыртқаны, мамықтар мен қауырсындарды, құс еті мен барлық құс өнімдерін Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салады. Сондай-ақ, ҚР аумағына құстарға арналған азықтар мен жемдер, құрал-жабдықтар тасымалдауға  шектеу қойылды», – делінген Ауылшаруашылық министрлігінің хабарламасында.

Ресей Федерациясының жоғарыда аталған облыстарындағы ЕАЭО құс өсіру шаруашылығы кәсіпорындарының тізіліміне мынадай кәсіпорындар кіреді:

1.Курск облысы:

– «Белая птица – Курск» ЖШҚ;

2.Пенза облысы:

– «ПензаМолИнвест» ЖШҚ;

– «Васильевская птицефабрика» АҚ;

– «Новые фермы» ЖШҚ.

3.Самара облысы:

– «Ковчег» ЖШҚ;

– «Провиант» ЖШҚ;

– «ПищПромСоюз» ЖШҚ;

– Еникеев И.И. ЖК;

– «Симбирское купечество»;

– «Поволжский Бекон» ЖШҚ;

– «Хорошее дело Самара» ЖШҚ;

– «ПТК» ЖШҚ;

– «МЕГАТОРГ» ЖШҚ;

– «Бизнес-Резерв» ЖШҚ;

– «Провиант Трейд» ЖШҚ;

– «Ферма» ЖШҚ;

– «Летниковское сельское потребительское общество»;

– «Империя Птицы» ЖШҚ;

– «Тибериус» ЖШҚ;

– «Поволжская мясная компания» ЖШҚ;

– «МясКо» ЖШҚ;

– «Линкор» ЖШҚ;

– «Кросс-Докинг» ЖШҚ;

– «ТОЛЬЯТТИ ХОЛДИНГ» ЖШҚ;

– «ЖИВОК» ЖШҚ;

– «ГК Лидер Экспо» ЖШҚ;

– «Самарская Перспективная Компания» ЖШҚ;

– «Тимашевская птицефабрика» ЖШҚ;

– «Империя птицы» ЖШҚ;

– «МПК»Корсунский» ЖШҚ;

– «ГРИН» ЖШҚ;

– «УСА» ЖШҚ;

– «МК-САМАРА» ЖШҚ;

– «Мясной мир» ЖШҚ;

– «ТОРГОВЫЙ ДОМ «ЯСНЫЕ ЗОРИ- САМАРА» ЖШҚ;

– «Тольяттинская птицефабрика» ААҚ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button