Жаңалықтар

Астанада төрт бала суға ағып кетті

ашық дереккөзі

Астанада төрт бала суға ағып кетті

Құтқарушылар Нұра-Есіл каналынан төрт баланың денесін тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Құтқарушыларға 24 маусым күні Нұра-Есіл каналының аңғарында, Пригородный кентінің аймағында балалардың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген. Іздеу жұмыстары бүгін, 25 маусымда өз нәтижесін берді. «Таңертең, 5 сағат 17 минутта «Пригородный» тұрғын үй алабының аумағында, Нұра-Есіл каналынан балалардың денесі табылды», - деп хабарлады Руслан Иманқұлов. Қаза тапқан балалар  9, 12 және екеуі 11 жаста болған. Ведомствода нақтылағандай, олар 24 маусымда шомылуға арналмаған жерде суға ағып кеткен. Балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған. Руслан Иманқұловтың ақпараты бойынша, әрі қарай тергеуді полиция жүргізеді.