Тәжікстан газдың қымбаттауын Қазақстандағы тарифтің өсуімен байланыстырады

Тәжікстан газдың қымбаттауын Қазақстандағы тарифтің өсуімен байланыстырады

Тәжікстан газдың қымбаттауын Қазақстандағы тарифтің өсуімен байланыстырады
ашық дереккөзі
Тәжікстан газ бағасының қымбаттауын Қазақстандағы бағаның өсуімен байланыстырады. Елдегі монополияға қарсы қызметтің өкілі Носира Акмалзоданың айтуынша, импортталатын газдың тоннасы 384 доллардан 587 долларға қымбаттаған, деп хабарлайды centralasian.org. Тәжікстанға сұйытылған газдың 70 пайызы Қазақстаннан тасымалданады. Бағаның бірден қымбаттауы салдарынан тәжік компаниясы газды сатып алу көлемін қысқартқан. Бұл газ бағасының көтерілуіне себеп болған, енді бір аймақтарда жанар-жағармай тапшылығы байқалады. Соңғы аптада Тәжікстанның май құю бекеттерінде газдың текше метрі 3,4 сомониден (0,3 доллар) 4,6 сомониге көтерілген. Бұл елде автокөліктердің 60 пайызы газбен жүреді. Қазақстанда 2018 жылдың басында ішкі нарықта сұйытылған газдың көтерме бағасы тоннасына 34 мың 319 теңгеден 38 мың 701 теңгеге өскен. Қазақстанның энергетика министрлігінің түсіндіруінше, бұл әлемдік нарықтағы бағаның өсуімен байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанда газдың көтерме бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Парламент мәжілісі қарауына 2019 жылдың қаңтарынан бастап ішкі газ нарығын кезеңмен либерализациялау жөнінде заң жобасы түскен.