Еурокомиссия АҚШ тауарына баж салығын бекітті
Еурокомиссия АҚШ тауарына баж салығын бекітті
Еуропалық комиссия Құрама Штаттардан шығатын тауарға жылына 2,8 млрд еуро төлейтіндей баж салығын енгізді. Бұл құжат 22 маусымнан бастап күшіне енеді деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі.
1 маусымнан бастап АҚШ-қа құрыш экспорттау салығы 25 пайызға, алюминий тасымалдау 10 пайызға өскен. Еурокомиссияның сауда ісі жөніндегі өкілі Сесилия Мальмстрем егер Вашингтон салықты алып тастаса, Брюссель де баз салығын жояды деп мәлімдеді.
ЕО есебі бойынша, АҚШ-қа экспортталатын еуропалық тауарға жылына 6,4 млрд еуро баж салығы төленбек. Үш жыл ішінде Еурокомиссия тауарлар үшін тарифті тағы да 3,6 млрд еуроға көбейтпек.
Еуроодақ баж салығын енгізген америкалық тауардың ішінде құрыш, алюминий, тоқыма өнімдері, мотоциклдер, ауыл шаруашылығы өнімдері, вискидің кейбір түрлері, темекі және шырын бар.