Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Түркіменстан ресми түрде көп әйел алуға тыйым салды

Түркіменстанда ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды. Елдің Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған, деп хабарлайды centralasian.org.

Заңның жаңа мәтіні 19 маусымда мемлекеттік басылымдарда жарық көрген. Онда 7-бапта «Түркіменстанда көп әйел алуға тыйым салынады» деп, «Көп әйел алушылық дегеніміз – ортақ шаруашылық енгізіп, екі не бірнеше әйелмен бірге тұру» деп түсіндірген.

Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

2012 жылы қабылданған Отбасылық кодексінде бастапқыда екінші некеге тыйым салынған. Енді «көп әйел алушылық» термині енгізілді.

Түркіменстанның Қылмыстық кодексінде екі некеге тұрғандарға екі жылға дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған.

Бірақ тыйымға қарамастан, жергілікті тұрғындардың айтуынша, көп әйел алу елде кең етек жайған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button