ЖАС КАДРЛАРҒА – КЕҢ ЖОЛ

ЖАС КАДРЛАРҒА – КЕҢ ЖОЛ

ЖАС КАДРЛАРҒА – КЕҢ ЖОЛ
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында білім беру ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және мектеп директорларын тағайындау жұмыстары жаңаша форматта жүзеге асырылатын болды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен өткен селекторлық жиында аталған мәселе жан-жақты талқыланды. Жиында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков білім саласында орын алған бірқатар сыбайлас жемқорлық деректеріне тоқталып, оның алдын алу жолдарын ұсынды. – 2015 жылдан бері сыбайлас-жемқорлық, құқықбұзушылық фактілеріне жол берген білім саласының 55 қызметкері тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынып отыр. Осыған дейін педагогикалық қызметке кандидаттар, жоғарғы оқу орындарының түлектері, бос жұмыс орындарын іздеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарын аралауға мәжбүр еді. Аталған жүйе енгізілгеннен кейін веб-портал арқылы онлайн-өтінішті жолдап, конкурстық негізде іріктеуден өтіп, жұмысқа қабылдауға комиссияға ұсынылады. Бұл жұмыстар қоғамда орын алатын сыбайлас-жемқорлық фактілерінің туындауына біршама кедергісін туғызады деп санаймыз, – деді Ұласбек Сәдібекұлы. Қазіргі таңда, облыс бойынша 7 ауданда 25 мектеп директорының лауазымы қызметіне бос орын болғанымен, ол жария етілмеген. Олар Арыс, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас аудандары. Сонымен қатар, 2018 жылдың І-тоқсанында Білім басқармасына жеке тұлғалардан 104 арыз-шағым келіп түссе, оның 68-і мектеп басшылығына қатысты болған. Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке талдау жұмыстарын жүргізуді және кемшілікке жол берген мамандарға тиісті шара қолдануды тапсырды.  

Сейітхан Зеберханұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы